жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауа-райы қайта бұзылады: Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа-райы қайта бұзылады: Қазақстанның 11 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
ЖИ
Бұл туралы Jambylinfo.kz «Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте де төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында күндіз 40 градус ыстық болады.  Өрт қаупі бар.

Алматы облысында жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 11-13 тамыз күндері күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қаупі бар. Қонаевта да күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында және орталығында күндіз 41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады. Жел шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, орталығында 25 м/с-қа жетеді. Күндіз 40 градус қатты ыстық болады. Оңтүстік бөлігінде төтенше, солтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы 40 градусқа дейін жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Батысы мен шығысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында да кей уақытта найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз шығысында екпіні 15-20 м/с. Шығысында төтенше, солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі, жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында және солтүстігінде күндіз найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Оңтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында 15-20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында күндіз найзағай күтіледі.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі бар. Тараз қаласында күндіз 38 градус қатты ыстық болады, жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде түнде найзағай болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар