жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Air India ұшағының апатына жанармай жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін

Air India ұшағының апатына жанармай жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін
x.com
Үндістан билігі Air India әуе апатын тергеудің алдын ала қорытындысын жариялады.

15 беттен тұратын есепте жанармай беру жүйесінің ажыратылып қалғаны атап көрсетілген.

BBC агенттігінің хабарлауынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай екі тумблер істен шыққан. Әдетте бұл тумблер ұшақ жерде тұрған кезде қозғалтқыштарды іске қосу және өшіру үшін пайдаланылады.

Еске сала кетейік, 12 маусымда Ахмедабад қаласынан ұшып шыққан Air India ұшағы көп ұзамай тұрғын үйге құлап, 240-тан астам адамның өмірін қиған еді.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар