жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Күміс жас» жобасы: 12,4 мың адам жұмысқа орналасты

«Күміс жас» жобасы: 12,4 мың адам жұмысқа орналасты
Ашық дереккөз
Зейнет жасына таяған азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған «Күміс жас» жобасы аясында 12,4 мың адам жұмысқа орналасты.

Жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Алматы (1 118 адам), Жамбыл (1 032 адам), Ақтөбе (1 007 адам), Қарағанды (1 004 адам) және Жетісу (1 040 адам) облыстарында тіркелді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жобаның қатысушыларының көпшілігі ауыл шаруашылығы саласында (36%), қызмет көрсету саласында (23%) және қоғамдық тамақтандыруда (21%) жұмыс істейді.

Айта кетейік, «Күміс жас» жобасына 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар