жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі

Қарашадан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өседі
Pixabay.com
Министрлік мәліметінше, ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептелетін жәрдемақылар бүгінде 159,4 мың балаға төленіп отыр.

Беларусь Республикасында 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап зейнетақы үстемақылары мен балаға арналған жәрдемақылардың мөлшері артады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл туралы елдің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрлік дерегінше, зейнеткерлерге төленетін «жас ерекшелігіне байланысты» үстемақылар 0,7%-ға ұлғайтылады. Осыған сәйкес 1 қарашадан бастап:

75–79 жас аралығындағы азаматтар – 92,08 рубль,

осы жастағы І топтағы мүгедектер – 214,85 рубль,

80 жастан асқан зейнеткерлер – 184,16 рубль,

І топтағы мүгедек зейнеткерлер – 245,54 рубль алады.

Қазіргі таңда мұндай үстемақыны 556 мыңнан астам зейнеткер алып отыр. 2025 жылы бұл мақсатқа шамамен 870 млн рубль бөлінбек.

Сонымен бірге, 1 қарашадан бастап балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар да көбейеді. Атап айтқанда:

бірінші бала туған кездегі біржолғы төлем – 4 910,90 рубль,

екінші және одан кейінгі балалар үшін – 6 875,26 рубль,

жүктіліктің 12 аптасына дейін есепке тұрған әйелдерге – 491,09 рубль төленеді.

3 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға (егер кенже бала 3 жасқа толмаған болса) ай сайынғы жәрдемақы 245,55 рубльді құрайды.

Ерекше санаттағы отбасылар үшін де төлемдер артты:

3 жастан асқан балаға – 245,55 рубль,

3 жастан асқан мүгедек балаға – 343,76 рубль,

І және ІІ дәрежелі (18 жасқа дейінгі) және ІІІ–IV дәрежелі (3 жасқа дейінгі) мүгедек балаларды күтуге – 491,09 рубль,

3 жастан асқан ІІІ–IV дәрежелі балалар үшін – 589,31 рубль.

Сонымен қатар, АИТВ жұқтырған 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы жәрдемақы 343,76 рубль болып белгіленді.

Министрлік мәліметінше, ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептелетін жәрдемақылар бүгінде 159,4 мың балаға төленіп отыр. 2025 жылғы 1 қарашадан бастап Беларусьте орташа ең төменгі күнкөріс деңгейі 491,09 рубль болып бекітілген.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар