жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлері күні
Фото: pixabay.com
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап су саласы мамандарының мәртебесін арттыруға ерекше назар аударып келеді.

9 шілде – Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған уақыттан бері су саласы мамандарының мәртебесін арттыруға айрықша көңіл бөлініп келеді.

Атап айтқанда, «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізіліп, қабылданды. Бұл түзетулер 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап су саласында еңбек ететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын электр және жылу энергетикасы саласындағы мамандар деңгейіне дейін көтеруге жол ашады.

Сонымен қатар алдағы уақытта «Қазсушар» РМК-ның маусымдық жұмыс істейтін 435 қызметкері тұрақты жұмыс орнына ие болады.

Сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі де назардан тыс қалған емес. Өткен жылы «Қазсушар» РМК-ның 500-ден астам қызметкері арнайы оқу орталықтарында білімін жетілдірді. Министрлік биыл бұл көрсеткішті екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасымен жасалған келісімдер негізінде қазақстандық су саласының мамандары көршілес елде біліктілігін арттырып жатыр. Қазіргі таңда 60 маман оқуды аяқтады, жыл соңына дейін тағы 60 қызметкер білім алады. Оқу барысындағы барлық шығынды Қытай тарапы өз мойнына алған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға енгізілген толықтырулар бойынша, енді су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан мамандарға «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілетін болады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар