Жаңалықтар
Катон-Қарағай ұлттық паркіне туристердің баруына уақытша тыйым салынды
- авторАрайлы Жақсылық
- 28 шілде, 2025
- 604
Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне туристердің кіруіне уақытша шектеу қойылды.
Бұл туралы ұлттық парктің баспасөз қызметі хабарлады. Шектеудің енгізілуіне жоғары өрт қаупі себеп болған.
Тыйым шілденің 28-інен бастап күшіне енді.
«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт қаупінің V санаты тұрақты түрде сақталуына байланысты мемлекеттік орман қоры аумағында азаматтардың жүруіне шектеу енгізіледі», – делінген хабарламада.
Шектеу қанша уақытқа енгізілгені әзірге белгісіз.
Бұған дейін Алматыда да V санаттағы өрт қаупі тіркелген еді.
Келесі мақала





