Жаңалықтар
Мемлекет басшысы опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады
- авторАрайлы Жақсылық
- 28 шілде, 2025
- 543
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады.
– Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін! – деп жазды Президент.
Бұған дейін қазақстандық опера әншісінің әлемдік сахнаны бағындырып, 2025 жылғы XI Халықаралық CLIP опера байқауында бірінші орын иеленгені белгілі болған еді.





