дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 20:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Наурыз 2026»: 16 мың қазақстандық баспана алу мүмкіндігіне ие болды

«Наурыз 2026»: 16 мың қазақстандық баспана алу мүмкіндігіне ие болды
Depositphotos.com
Бағдарламаға 26 822 өтініш түсті, ал 16 000 азамат қатысушылар тізіміне енді.

Бүгін Отбасы банк «Наурыз 2026» бағдарламасына қатысушылардың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қатысушылар 2026 жылдың 6 сәуірі мен 12 мамыры аралығында Отбасы банкте несиеге өтінім бере алады. Несие мақұлданса, 6 ай ішінде өздеріне баспана сатып алу мүмкіндігі беріледі.

Бағдарлама қатысушыларының орташа жасы – 32, көбінің тұрақты табысы бар, бірақ баспана мәселесі әлі шешілмеген. 9 296 қатысушының баласы бар, 7 569-ы некеде, ал 8 690 адам тұрғын үй кезегінде тұр. 2 689 азамат әлеуметтік осал топтарға жатады.

Қатысушылардың орташа жинақ сомасы – 4,3 млн теңге. Жинақ шотын тұрақты толықтырған салымшылардың балдары жоғары болып, қатысу мүмкіндігі артқан. Биыл ең жоғары ұпай – 1 284,67 – алматылық Жанар Омарова жинаған.

Бағдарламаға балл беру тәртібі:

Депозит бойынша сыйақы – әр 1 000 теңгеге 1 балл;

Некенің болуы – 5 балл;

Баланың болуы – 10 балл;

Әлеуметтік осал топқа жату – 10 балл;

35 жасқа дейінгі қатысушы – 5 балл.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

Бастапқы жарна – 20% бастап;

Несие мөлшерлемесі – әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрғандар үшін 7%, қалған азаматтар үшін 9%;

Несие мерзімі – 19 жылға дейін;

Тұрғын үй сатып алу: бастапқы нарықтағы пәтер немесе моноқалалар мен ауылдық жерлерде екінші нарықтағы тұрғын үй;

Несие сомасы – Алматы мен Астанада 36 млн, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін.

Қатысушылар өз жинақтарын тұрақты толықтырып, отбасы пакетін пайдаланып, депозиттегі қаражаты арқылы балдарын арттыра алады.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар