Жаңалықтар
Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 11:37
- 97
Кездесу барысында Таяу Шығыс өңіріндегі жағдай бойынша пікір алмасылды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар, тараптар қазақ-иран ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бейілдігін растады.





