Жаңалықтар
Жұмысқа жаңа орналасқаннан кейін МӘМС қашан күшіне енеді?
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 17:24
- 50
Жақында ресми түрде жұмысқа орналасқан азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің қашан жұмыс істей бастайтыны маңызды мәселелердің бірі.
Жамбыл облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының мәліметінше, МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебе соңғы 12 ай немесе алдағы 12 ай үшін үздіксіз жарна төленген жағдайда беріледі.
Егер азамат бұған дейін ресми түрде жұмыс істемеген, жұмыссыз ретінде жеңілдікті санатқа кірмеген және өздігінен төлеуші ретінде жарна аудармаған болса, ол МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебені жұмысқа орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін, төлемдер үздіксіз жүргізілген жағдайда алады.
Ал медициналық көмекті осы мерзімді күтпей алу қажет болған жағдайда, азамат өткен 12 ай үшін жарналарды өз бетінше төлей алады. Бұл ретте сақтандырылған мәртебе бірден беріледі.



