дүйсенбі, 9 ақпан, 2026 19:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов

Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов
Фото - ашық дереккөз
Сөз соңында Бақтығожа Ізмұхамбетов ардагерлер қауымы осы әзірленген Конституция жобасын қолдайтынын жеткізді.

Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов жаңа Конституция жобасына егде адамдарға қатысты қандай маңызды нормалар енгенін айтып берді.

«Жаңа Конститутция жобасында әрбір азаматқа жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, жасына, науқастануына немесе мүгедектігіне байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға тікелей кепілдік берілген. Сонымен бірге, мемлекет әлеуметтік қамсыздандырудың және қайрымдылықтың түрлі нысандарын дамытуға жәрдемдесу міндетін алып отыр, бұл егде жастағы адамдар үшін қосымша қауіпсіздік береді», – деді Бақтығожа Ізмұхамбетов Конституциялық комиссия X отырысында.

Констуцияның жаңа жобасында Преамбулаға тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдау − мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларының бірі деген тұжырым енгізілді. Осылайша ел болашағын қалыптастыруда, ең алдымен жинақталған білім, тәжірибе және тәрбиені ұрпаққа жеткізу арқылы аға буынның айрықша рөлі мойындалып отыр.

«Бұрынғы консультативтік құрылымдардың орнына «Қазақстанның Халық Кеңесі» құрылып, құрамына барлық өңірлердің өкілдері енеді. Бұл да аға буынға маңызды мемлекеттік шешімдер мен заңдарды талқылауға қатысу мүмкіндігін береді», – дейді депутат.

Аға буын үшін маңызды тармақ − кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін Конституцияда бекіту ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық ынтымақтастықты күшейтеді.

Жаңа Конституция жобасы азаматтардың жеке қаражаты мен өмірін қорғауды да күшейтеді. Мемлекет банк салымдардың, жинақтардың сақталуына және қаржылық операциялардың құпия болуына кепілдік береді.

«Онда жеке деректерді алаяқтардан және заңсыз пайдаланудан, оның ішінде интернет-кеңістікте қорғау жеке норма болып бекітіледі. Бұл цифрлық технологияларды пайдалана алмайтын және мемлекеттік қызметтерді, медициналық көмекті алу немесе қаржылық операция жүргізуде сын-қатерге жиі тап болатын егде адамдар үшін ерекше маңызды», – деп толықтырды Ардагерлер ұйымының төрағасы.

Сондай-ақ, ел ардагерлері 3-бапта жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгеніне де риза.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар