Аида Балаева Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 қаңтар, 2026
- 195
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрын 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
– Құрметті достар! Қазақ руханиятының қара шаңырағы – Мұхтар Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын! Ғасыр бұрын "Еңлік-Кебекпен" ашылған қасиетті шымылдық содан бері талай дәуірді артқа тастап, ұлттың тағдырлы кезеңдерін, арман-мұратын сахна тілімен сөйлетіп келеді. Киелі сахнада қазақ драматургиясының інжу-маржанына айналған "Абай", "Қобыланды", "Қарагөз", "Айман – Шолпан" және өзге де туындылар сахналанды. Өнер ошағы Алматыға қоныс аударып, 1937 жылы академиялық мәртебе алды, кейін оған Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Бүгінде "Ұлттық" мәртебеге ие театр әлемдік мәдени кеңістікке батыл қадам жасап келеді. Театр бүгінде ұлт өнерін өркендетіп, дәстүр сабақтастығын сақтап, үлкен шығармашылық орда қалыптастырып отыр. Театр ұжымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, өнер жолында жаңа жетістіктер тілеймін, – делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026
Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 қаңтар, 2026






