Мәдениет
Қазақстандық өнерпаз халықаралық байқауда Гран-при иеленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 қаңтар, 2026
- 160
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Беларусь Республикасының Витебск қаласында «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Грузия және Қырғызстан – жалпы 12 елден 1 200-ден астам өнерпаз қатысты.
Байқауда Қазақстан атынан Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-курс студенті Ақерке Амалят өнер көрсетті. Ол қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.
Айта кетейік, Ақерке бұған дейін де халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулардың жеңімпазы әрі лауреаты атанған.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026
Мәдениет
Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 қаңтар, 2026






