Караокеде ән айтып, тіл үйренуде
Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен қазақ, орыс және ағылшын тілі тыңдаушыларының қатысуымен «Караоке Battle» байқауы өтті.
Шараның мақсаты – халықтар достығын нығайту, ана тілін құрметтеу, үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) жетік меңгерген тіл үйренушілерді анықтау және қолдау көрсету.
«Караоке Battle» байқауына қазақ, орыс және ағылшын тілі курсында оқитын мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкерлерінен және студенттерден құралған 3 тыңдаушыдан тұратын 3 топ қатысты. Жарысқа қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде караокемен өлең айтты.
Жарысқа орталық қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студентерінен жасақталған топтар қатысты.
Нәтижесінде, «Ұлттық Ұлан» тобы жеңімпаз атанды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Ұлттық кітапханаға аса құнды қолжазбалар ресми түрде тапсырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қыркүйек, 2025
Мәдениет
Қазақстандық әртістер Индонезиядағы фестивальде өнер көрсетті
- авторМағжан Орынбасар
- 11 шілде, 2025






