Министрлік: М.Әуезов атындағы театрда жөндеу жұмыстары тоқтаған жоқ
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 қаңтар, 2026
- 179
Мәдениет және ақпарат министрлігі Алматыдағы М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмысы тоқтап тұрғаны туралы сыбыстарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылып тұрғаны туралы жарияланған ақпараттарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.
Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді.
Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында. М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талаптарды сақтай отырып, толық аяқталатын болады.
️Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот үкімі шықты
Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 қаңтар, 2026
Абай атындағы опера және балет театры Сингапурде өнер көрсетеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 қаңтар, 2026






