Жамбылдық бишілер жүлдегер атанды
Бүгін Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі тарапынан облысымыздың абыройын асқақтатқан жағымды жаңалық естілді.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған «Рухани қазына – 2020» Республикалық байқауында Шара Жиенқұлова атындағы арнайы жүлде ауданымызға бұйырды.
Аудандық «Айжан қыз» халықтық би ұжымының көркемдік жетекшісі Күләш Жангелдіқызы Байтұрсынова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловадан диплом алып, Нұр-Сұлтан төрінен сүйінші хабар жолдады. Біз де К.Жангелдіқызына шығармашылық табыс тілеп, марапат құтты болсын дейміз.

Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Көрермен Шәмші әндерін бірге шырқады
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
Ұлттық кітапханаға аса құнды қолжазбалар ресми түрде тапсырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 қыркүйек, 2025
Мәдениет
Қазақстандық әртістер Индонезиядағы фестивальде өнер көрсетті
- авторМағжан Орынбасар
- 11 шілде, 2025






