жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 қыркүйек – демалыс күні: алғашқы қоңырау қашан соғылады

1 қыркүйек – демалыс күні: алғашқы қоңырау қашан соғылады
Pixabay.com
Биыл 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні сенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты демалыс күні 1 қыркүйекке – дүйсенбіге ауыстырылады. Бұл жағдай мектептегі алғашқы қоңырау салтанаты қай күні өтетініне қатысты сұрақ туындатты.

Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте жауап берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрдің айтуынша, биыл ресми түрде оқу 2 қыркүйекте басталады.

– Жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шаралар бойынша біз тиісті мәселені қарап шықтық. Егер мектеп пен педагогикалық кеңес 1 қыркүйекте өткізуді жөн санаса, біз ондай мүмкіндік береміз. Бірақ ресми іс-шаралар 2 қыркүйекте өтеді. Себебі бұл – жұмыс күні, әрі бұған дейін де осылай болған, – деді Бейсембаев Үкіметтегі брифингте.

Министрдің сөзінше, салтанатты жиын негізінен бірінші сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Бұл – балалар үшін ерекше мәні бар күн.

– 1 қыркүйек көбіне алғашқы рет мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер үшін маңызды. Сондықтан біз ата-аналармен, ұстаздармен ақылдасып жатырмыз. Бұл – үлкен мәні бар сәт. Алғаш рет мектепке келген күн – балалар мен ата-аналар үшін шынайы символдық мереке, – деді министр.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар