жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 4:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«АЭС - экономикалық дамудың негізгі факторы» – ғалым

«АЭС -  экономикалық дамудың негізгі факторы» –  ғалым
Коллаж jambylinfo.kz.
Елімізде 6 қазан күні жалпыхалықтық рефрендум өтеді

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының “Тарих және география” кафедрасының меңгерушісі, PHD философия докторы Жамбыл Мырзабеков 6 қазанда өтетін референдумға қатысатынын айтып, АЭС салу - еліміз үшін экономикалық қажеттілік екенін жеткізді,-деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жамбыл Мырзабеков Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2-қыркүйек күнгі Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының басым бағыттарына тоқталғанын және АЭС салу уақыт талабы екенін алға тартты.

 "Президент алдағы онжылдықтарға арналған жаңаша мақсат-міндеттерді, болашақ жоспарларын ортаға сала отырып, 2030 жылға қарай елде орын алатын энергия тапшылығының алдын алу қажеттігін ойластырылып жатқандығын шегелеп айтты. Бұл мәселенің шешімі ретінде ұсынылып отырған – елде атом электр станциясын салу екендігі белгілі. Жолдауда Мемлекет басшысы АЭС салу туралы шешімінің жалпыұлттық референдумға салынатындығын жеткізді.Шындығында, ел дамуының басты шарты – энергияға келіп тірелетіні белгілі. Сала мамандары АЭС салудың экономикалық қажеттілігін түсіндіруде. Басында атом деген үріккендей болған халыққа оның артықшылықтары, қорқудың қажеттілігінің жоқ екендігі түсіндірілді. Бұл жерде мемлекетіміздің басты ұтары – уран өндіруден жетекші орындағы ел екеніміз. Табиғи байлығымыз – уран арқылы электр энергиясын қажетті мөлшерде және арзан өндіріп, сәйкесінше, өндірістік-индустриялық дамуға мол мүмкіндіктер аламыз. Ең бастысы, салынатын зауыттың құрылысын қатаң қадағалауда ұстау керек. Зауыттың қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына кепілдік болуы шарт. Халықты алаңдататыны да – осы. Яғни, атом электр станциясы Қазақстан экономикасының дамуына үлкен серпін беретінін әркім біледі, алайда, оның зардабының да қаншалықты екендігіне алаңдайтыны шындық. Осы мәселеде ескеріледі деп сенемін. Ал 6 қазанда өтетін жалпыхалықтың Референдумда халық өз таңдауын жасайды. Ендеше, АЭС-тың салынуы еліміз үшін дамуға даңғыл жол ашады күтейік»,-дейді ол.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар