«Қазгидромет» РМК дерегінше, солтүстік-батыстан жеткен циклон ел аумағындағы ауа райына әсерін жалғастырады.
Синоптиктердің мәліметінше, батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр жауады – кей жерлерде нөсерлі, найзағаймен, бұршақпен және екпінді желмен бірге өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ал оңтүстік аймақтарда аптапқа қарамастан, кей уақыттарда өткінші жауын мен найзағай күтіледі.
«Елдің басым бөлігінде жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түсуі мүмкін», – дейді мамандар.
Ауа температурасы:
Батыс – түнде +13…+18°C, күндіз +20…+30°C;
Солтүстік-батыс және солтүстік – түнде +10…+18°C, күндіз +18…+26°C;
Орталық және оңтүстік-батыс – аптап басылады: +25…+33°C-тан +20…+28°C-қа дейін;
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс – +33…+38°C-тан +30…+35°C-қа төмендейді;
Шығыс – әлі де ыстық: күндіз +25…+30°C.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Қоғам
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025




