Қалың киіміңізді дайындай беріңіз: алдағы күндері ауа температурасы +5 градусқа дейін төмендейді
- авторБақытжан Бекболат
- 1 тамыз, 2025
- 9.1k
«Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, республикада солтүстік антициклонның ықпалы күшейіп, елдің көптеген аймағында тұрақсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Алдағы күндері Қазақстан Республикасының аумағындағы ауа райын солтүстік антициклон айқындайды. Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі, ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр болжанады. Тек батыс өңірде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі.
Ауа температурасы:
Батыс өңірде күндіз +30…+37°С-тан +36…+41°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі. 4 тамызда оңтүстікте ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы +5…+13°С, күндіз +15…+20°С-қа дейін төмендейді", - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Мемлекет басшысы Швейцария Президентін құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






