Астаналық мүгедек әке жалға көлік алып, табысына балаларын асырап жүр
- авторjambylinfo.kz
- 16 маусым, 2024
- 606
Әкелер мерекесі қарсаңында мүгедектігі болса да көлікті жалға алып, балаларын асырап жүрген қайсар әке табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Астаналық Аслан Құлмағамбетовтің жары бірнеше жыл бұрын көз жұмған. Ер адамның екінші топтағы мүгедектігі бар. Ол ұлдарын жалғыз өзі өсіріп отыр. Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан көлікті жалға алып, күнделікті нәпақасын тауып жүр.
"Кішкентай ұлым білмейді, шешесін. Ана туралы да ештеңе білмейді. Ойын баласы, мына кісі кім деп сұрақ қояды. Сол кезде түсіндіріп айтамын. Бұл сенің анаң деп. Ол қайда деп сұрақ қояды. Үлкен ұлым ол кезде 1 сыныпта. Есін біледі. Шешесін сағынады, жылайды. Кейде айтады «Мамам былай істейтін еді ғой»,-деп, маған. «Қыдыртатын еді»,-деген сияқты. Шешесі жоқ, әкесі тастап кеткен деген ойында қандай сана болады?! Қандай ой болады, ол балады?! Үйлену деген менің ойымда да болған жоқ. Қой өз баламды өзім өсірейін, өз тәрбиемде болсын,-деген оймен балаларды ешкімге берген жоқпын", - дейді әке.
Қайсар әкенің баласы Мұхамедәли Болатбек қалай күн кешіп жүргенін айтты.
"Әкем жақсы адам. Таңғы 7-де кетеді. Кешке 6-да келеді. Күніне 500-600 теңге беріп отырады. Өзім велосипед алуға жинаймын. Әкемнің қасиеті біз қандай жерде тұрсақ та бізге қарап, бізге уақыт бөліп, қиын болса да бізге уақыт бөледі, сөйлеседі. Бізді анда-мында апарады. Керек заттарыды әпереді", - дейді бала.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті
- авторjambylinfo.kz
- 22 қараша, 2024