Қазақстанда әншілерге фонограммамен өнер көрсетуге тыйым салынады
- авторБақытжан Бекболат
- 25 қыркүйек, 2025
- 6.6k
Қазақстанда мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограмма қолдануға шектеу енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайыт мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәжіліс отырысында тиісті заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Депутаттың айтуынша, тыйым барлық жерде емес, тек 200 адамнан астам көрермен жиналатын іс-шараларға қатысты қолданылады. Егер алаң арнайы техникалық құралдармен жабдықталмаған болса, фонограммаға рұқсат беріледі.
– 25-50 мыңға билет алған көрермен «аузын жыбырлатқан әншіні тыңдау керек» деген қағида болмауы керек. Барғаннан кейін әншінің концертке деген дайындығын, деңгейін көруге құқылы деп ойлаймыз, – деді Ринат Зайыт.
Заңды бұзған жағдайда жауапкершілік шаралары қарастырылған. Ұйымдастырушыларға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






