жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суытады

Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суытады
Pixabay.com
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді

Қазақстанда 17–19 шілде аралығында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

- Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі. 17 шілдеде – батыста, 18 шілдеде – солтүстік-батыста, 18–19 шілдеде – солтүстікте, 19 шілдеде – республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 41–44°С дейін, оңтүстік-шығысында 42–43°С дейін күтіледі. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында 40°С дейінгі өте қатты ыстық болжанады. 18–19 шілдеде еліміздің оңтүстігінде 45–46°С дейін аптап ыстық күтіледі. Период соңында солтүстік өңірлерде түнгі температура 8–18°С дейін, күндізгі температура 17–25°С дейін төмендейді, - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар