Қазан айында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр
- авторБақытжан Бекболат
- 1 қазан, 2025
- 24.0k
Синоптиктердің мәліметінше, қыркүйек айының соңында солтүстік-батыстан келген суық ауа райы қазанның алғашқы күндерінде де сақталады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елдің басым аумағында түнгі температура -1…-6°С дейін төмендеп, күндіз +2…+9°С шамасында болады.
Жылы толқын қашан күтіледі?
Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:
Батыста – түнде +7…+12°С, күндіз +17…+25°С;
Солтүстік пен шығыста – түнде +2…+8°С, күндіз +10…+18°С;
Орталықта – түнде +2…+7°С, күндіз +15…+23°С;
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста – түнде +5…+12°С, күндіз +20…+28°С.
Екінші онкүндік
Онкүндіктің басында солтүстік-батыста қайтадан салқындаса да, көп ұзамай елдің басым бөлігінде ауа райы жылып, күндіз +13…+18°С, ал оңтүстікте +22…+27°С болады.
Үшінші онкүндік
Айдың соңына қарай қыс ызғары сезіле бастайды.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -7…-12°С дейін суытады, күндіз 0…+8°С аралығында болады.
Оңтүстікте түнгі температура -1…+8°С, күндіз +5…+20°С аралығында құбылады.
Қосымша құбылыстар
Қазгидромет мамандарының айтуынша, қазан айында ауа райы құбылмалы болады. Кей күндері тұман түсіп, көктайғақ орын алады, жел екпіндейді. Айдың екінші жартысында солтүстік өңірлерде қарлы боран соғуы мүмкін.
"Осылайша суық ауа райынан басталған қазан айы бірінші және екінші онкүндіктерінің ортасында жылы күндермен қуантады, бірақ айдың аяғында қыстың жақындағанын тағы да еске салады.
Бір ай ішінде тұрақсыз ауа-райы болжанады, тұман, көктайғақ, екпінді жел, айдың екінші жартысында елдің солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал", – делінген Қазгидромет хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






