дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 23:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаевтың ісінде ұшқыр ойы, сауатты жұмысымен көзге түскен қайсар прокурор Айжан Аймағанова кім?

Бишімбаевтың ісінде ұшқыр ойы, сауатты жұмысымен көзге түскен қайсар прокурор Айжан Аймағанова кім?
Ғаламтор
Прокурор Айжан Аймағанова экс-министр Бишімбаевтың ісінде айыптаушы жақта болып, ұшқыр ойы, сауатты жұмысы үшін халық ризашылығы мен сүйіспеншілігіне бөленіп отыр,- деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Қайсар қыз» атанған Айжан Талғатқызы туралы ғаламторда ақпарат аз. Өзі әлемеуметтік желігеде тірмелмеген. Бірақ прокурордың  “Астана ақшамы” газетіне берген сұхбатынан мәлімет беруді жөн көрдік.

 Айжан Талғатқызы 1987 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінің түлегі. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыс­тық істер жөніндегі сотының бас маманы болып бастаған. Қазіргі таңда Астана қаласының прокуратурасында қызмет етеді.

Қала прокурорының аға көмекшісі, кіші әділет көмекшісі лауазымы қызметінде. “Прокуратура үздігі” төсбелгісі, т.с.с. Құқық қорғау органдарының түрлі марапат-медалінің иегері.

С­онымен қатар Айжан Тал­ғатқызы – отағасы екеуі үш бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Бос уақытында көбіне перзенттерімен табиғат аясына шығып серуендегенді, спортпен айналысқанды жаны қалайтын көрінеді.

Волейболдан командалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, Құқық қорғау органдары академиясы ректорының қолынан “Үздік либеро” дипломын да алған екен. А.Аймағанова былтыр Қайрат Боранбаевтың, биыл Қуандық Бишімбаевтың ісінде айыптаушы жақта болып, ұшқыр ойы, сауатты жұмысы үшін халық ризашылығы мен сүйіспеншілігіне бөленіп отыр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар