Қоғам
Ішкі істер министрлігі Қазақстан халқына үндеу жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 15 қыркүйек, 2025
- 620
Соңғы күндері елімізде тіркелген бірқатар ірі жол апаттары қоғамды дүр сілкіндірді.
Ішкі істер министрлігі осыған байланысты жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— Барша жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жолдаймыз: жол қателікті кешірмейді! Жылдамдықты арттыру. Қарсы бағытқа шығу. Қауіпті маневр жасау. Қауіпсіздік белдігін тақпау. Мұның бәрі адам өміріне қауіп төндіретін қателіктер, — делінген полиция хабарламасында.
Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында шағын автобус аударылып, 10 адам қаза тапты.
14 қыркүйекте Жетісу облысында үш көлік соқтығысып, тағы 10 адамның өмірі қиылды. Тергеу деректеріне сәйкес, апатқа қарсы бағытқа шығу себеп болған.
Ал Қарағанды облысында дәл осындай жағдай қайталанып, 5 адам ажал құшты.
Келесі мақала
Жібек Құламбаева алғашқы WTA титулын жеңіп алды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






