жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 5:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Анасы мен сіңлісі экс мұғалімнің қолынан қаза тапқан әпкелі-сіңлілерге полиция қысым көрсеткен

Анасы мен сіңлісі экс мұғалімнің қолынан қаза тапқан әпкелі-сіңлілерге полиция қысым көрсеткен
Скриншот
Олар бейнеүндеу жолдап, арыз-талабын жеткізді

Келестегі анасы мен бауырынан айырылған қыздар құзырлы орган өкілінен қысым көргенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мектеп ұстазы анасы мен бауырын өлтірген Туғанбаева Райхан мен Ақдидар билікке бейнеүндеу жолдап, талап-тілегін жеткізді. 


 Біздің анамыз бен сіңлімізді өлтірген Абай Ахановты өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етеміз. Аудан басшылығы мен ПБ бастығына, мектеп диреторы және орынбасарларына шара қолдануды сұраймыз. Сол кісілер дұрыс жұмыс істегенде мұндай айуандық болмас еді,-дейді қыздар.

Сонымен қатар олар құзырлы орган өкілі қысым көрсетіп, қорқытқанын айтты.

- Бүгін сіңліміз екеуімізді полиция бөлімшесіне шақырып алып, басынбақшы болды. Подполковник Мұрат Әбілханұлы бізді қорқытып, “әлеуметтік желіге салғандарың үшін 600 мың айыппұл саламын немесе 15 күн қамаққа алуын талап етемін” деді. Анамызды жер қойнына тапсырғанда олар бізді қорқытты. Жоғарыда айтып өткен жайға бей-жай қарамауларыңызды сұраймыз,- дейді жәбірленуші тарап.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар