жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
istockphoto.com
Интернетте тараған «АвтоЖол+» жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы туралы ақпаратты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жоққа шығарды. Ведомство мұндай бағдарлама ресми түрде іске қосылмағанын мәлімдеп, азаматтарды жалған хабарламалардан сақ болуға шақырды.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интернетте тараған «АвтоЖол+» жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомствоның мәліметінше, хабарламада көрсетілгендей автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігін субсидиялау, жылдық мөлшерлеменің 2%-дан басталуы, бастапқы жарнаның болмауы сынды шарттар бойынша ешқандай ресми бағдарлама іске қосылған жоқ.

Министрлік бұл материалды жалған әрі алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін деп бағалап отыр. Осыған байланысты азаматтарға сақ болуды, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, жеке деректерін тексерілмеген сайттарға енгізбеуді ескертеді.

«Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелергеөтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттардаенгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздердежарияланған ақпаратқа сенуге шақырады» – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар