Продюсер Гүлзира Айдарбекова келініне қатысты пікірлерге жауап берді
- авторБақытжан Бекболат
- 14 қазан, 2025
- 473
Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желілерде келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жайлы айтылған пікірлерге үн қатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жақында Қайрат Нұртастың әкесі, продюсердің жұбайы Нұртас Айдарбеков 60 жасқа толған мерейтойын атап өткен еді. Бірақ интернетке тараған фото және видео материалдарда Жұлдыз Әбдікәрімова көрінбеген. Бұл жайт көпшіліктің сұрағына себеп болды.
Желі қолданушылары түрлі болжам жасады:
"Құдалары оқыған-тоқыған азаматтар, мұндай тойларға келе бермейтін шығар", "Он жыл үйде отырғызып қойғанына көнген Жұлдыз жоғы қиын екен. Келіннің әке-шешесі зиялы, оқыған адамдар, мына отбасының қаптаған жырқылына келе беруге де уақыты жоқ шығар" — деген пікірлер жиі жазылды.
Осыған байланысты Гүлзира Айдарбекова өз парақшасында түсініктеме берді:
«Артық кетіп қалдыңыз. Инста әлеміне шықпаса, аяқ-қолын кісендеп 10 жыл тығып қойыпты дегенге келтіріп тұрсыз ба? Сізден жүз есе дұрыс өмір сүріп жатқан шығар, қайдан білесіз? Анық көрінгісі келетін адамды ешкім ұстап отыра алмайды.
Сіз министрлер мен президенттердің де әйелдерін көрмейсіз ғой, неге соларға “әйелдеріңді неге шығармайсыңдар?” деп қырылмайсыз. Біреудің отбасына қадалып не болды сізге? Менің келіндерімнің бейшара түрін көріп пе едіңіз?» — деп жазды продюсер.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова — танымал продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы. Ал оның келіні Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы жылдары жеке өмірін жария етпей, өнер жолында белсенді еңбек етіп жүр.
Ұқсас жаңалықтар
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






