бейсенбі, 5 желтоқсан, 2024 0:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Шұғыл түрде елге қайтарамыз». БАӘ-дегі Қазақстан дипломатының басы дауға қалды

«Шұғыл түрде елге қайтарамыз». БАӘ-дегі Қазақстан дипломатының басы дауға қалды
Фото: www.instagram.com/nemolchikz_official
Оның әйелі күйеуінің зорлық көрсеткенін мәлімдеді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашты шұғыл түрде елге қайтарады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, бүгін «НеМолчи» ұйымының жетекшісі Дина Таңсәрі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаштың видеосын жариялаған. Әйелдің айтуынша, күйеуі Сәкен Мамаш оған 10 жылдан бері күн көрсетпей, ұрып-соққан.

«Маған физикалық тұрғыда да, психологиялық тұрғыда да күш көрсетіп келеді. Мен осы уақытқа дейін үндемедім. Бұл жолы үнсіз қала алмаймын. 3 мамыр күні маған қонаққа келген әпкем екеумізді ұрып-соқты. Мен Қазақстан билігінен күйеуімді қамауға алып, шара қолдануын сұраймын», - деген Карина Мамаш.

Оның мәлімдемесінен кейін бірнеше сағаттан соң Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеме жасады.

«Біз бұл қызметкерді шұғыл түрде Қазақстанға шақыртамыз. Одан кейін оның ісін құқық қорғау органдары қарайды», - деп мәлім етті Смадияров.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар