ТЖМ тікұшағы жаңа туған нәрестені тікелей ауруханаға жеткізді
- авторБақытжан Бекболат
- 20 мамыр, 2025
- 688
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару" қызметінің тікұшағы жаңа туған сәбиді шұғыл түрде Ақсай қаласынан Оралға жеткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кеше ғана дүние есігін ашқан нәрестенің ауыр жағдайына байланысты оны облыстық көпсалалы балалар ауруханасына дереу жатқызу қажет болды. Уақыттың әр минуты санаулы болғандықтан, Батыс Қазақстан облыстық ТЖД мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы шұғыл шешім қабылдап, тікұшақты тікелей медициналық мекеменің аумағына қондыруды ұйғарды.
ТЖМ ұшқыштарының кәсіби әрекетінің арқасында санитарлық әуе тасымалы сәтті жүзеге асырылып, сәби мен оның анасы медицина қызметкерлеріне аман-есен тапсырылды.
Бұл жедел әрекет – төтенше жағдайлар қызметі мен денсаулық сақтау саласының үйлесімді жұмыс істей алатынын тағы бір мәрте көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






