Қоғам
Қызылордада қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 28 миллион теңгеден астам қаражат жинаған
- авторБақытжан Бекболат
- 30 мамыр, 2025
- 574
Қызылорда облысында HRT атты қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Ұйымдастырушылар азаматтарға электросамокаттарды сатып алуға инвестиция салуды ұсынып, оларды Еуропа елдерінде жалға беріп, пайда табуға уәде еткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қатысушылар тіркелу үшін электронды биржалардан криптовалютаны HRT-тің арнайы шотына аударуы тиіс болған.
Агенттіктің мәліметінше, жүйеге кіру үшін ең кемі екі жаңа салымшы тарту шарты қойылған. 200-ден астам адам әрқайсысы 35-тен 50 мың АҚШ долларына дейін қаржы құйып, ай сайын 1200 долларға дейін табыс түседі деп сенген. Заңсыз жолмен алынған жалпы қаражат 28 миллион теңгеден асып кеткен.
Тергеу барысында салымшылардың ақшасына сатып алынған BMW 530I Xdrive және Changan Alsvin маркалы екі көлікке сот арқылы тыйым салынды.
Күдіктілер қазіргі уақытта үйқамақта.
Келесі мақала
Қордайда 144 отбасы баспаналы болды
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Қоғам
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






