дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 21:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"33 ит ауланды". Жамбылда қаңғыбас иттер мүгедек қызға шабуыл жасады

"33 ит ауланды". Жамбылда қаңғыбас иттер мүгедек қызға шабуыл жасады
Коллаж: jambylinfo.kz
Бұл өңірде биыл орын алған бір ғана оқиға емес

1 наурыз күні Таразда мектеп оқушысын 5 бұралқы ит талап, ол ауруханаға түскен. Ал күні кеше Таразда мүмкіндігі шектеулі қызға бір топ қаңғыбас ит шабуыл жасаған, деп хабарлайды jambylinfo.kz 

«Жамбыл облысының ветеренариялық станциясы» директорының уақытша міндетін атқарушы Ғабитбек Кебеевтің айтуынша, 27 ақпан күні Айша бибі ауылында орын алған оқиға бойынша дәл сол күні 33 бұралқы ауланып, көзі жойылған. Ал, зардеп шеккен Әсел Мұсаева ауруханаға түскен. Оған дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне қайтарған. Ветеренария басқармасына қарасты мекеме анықтағадай, ауыл тұрғынына тіс батырған ит құтырмаған болып шыққан. Айтып өткеніміздей, бұл биыл Жамбылда орын алған жалғыз оқиға емес. 1 наурыз күні Тараз қаласындағы Барысхан алқабында 4-5 ит Байсал Әсетхан есімді мектеп оқушысына шабуыл жасаған. Дәл сол күні JAMBYL-109 диспетчерлік орталығы жеделдік танытып, оқиға болған орыннан 33 үй жануары аулаған екен.

«Биыл мұндай 2 оқиға тіркелді. Жалпы өткен жылы 1340 адам иттен зардап шекті. Оның ішінде иесі белгілі ит шабуылдаған 670 адам. Бірақ, оның ешқайсысынан құтырған ауруы анықталмады. Жалпы қазір қала бойынша күніне 50ден аса ит ауланып жатыр,- деді Ғабитбек Кебеев.

Ғабитбек Кебеевтің сөзінше, адамдарға шабуыл жасайтын қаңғыбас иттер емес, иесі бар иттер екен.

«Үй жануарларына жауапкершіліпен қарау туралы заң шыққан. Соған сай, әр тұрғын иттерін таңбалап, чип салдырып тіркеуі керек. Бірақ мұны ешқайсысы орындап отырған жоқ. Сонымен қатар, үй жануарларын қараусыз бос жіберген адамдарға айыппұл салынады. Мұнымен полиция мен әкімшілік айналысады. Осы кісілер жұмысты көбірек істесе, көрсеткіш азаяр еді,- деді ол. 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар