дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 17:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жемтік сасыған қора». Қаскелеңде жылқы мен шошқаны бір қораға қамап баққан адам елдің жағасын ұстатты (ВИДЕО)

«Жемтік сасыған қора». Қаскелеңде жылқы мен шошқаны бір қораға қамап баққан адам елдің жағасын ұстатты (ВИДЕО)
Коллаж: jambylinfo.kz
Оқиға Қарасай ауданында болған

Алматы облысы Қарасай ауданында жылқы малы мен шошқаларды бір қорада қамап баққан тұрғынның ісі жұрттың ашуын туғызды. Оның үстіне, қорада қырылған малдың жемтігі толып жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бейнежазбаны Kaskelenkz жергілікті парақшасы жариялады. Автордың жазуынша, Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны көршісінің ауласына көз салғанда адам шошырлық көрініске тап болған. Қирай бастаған қораның батпағы иленген алаңында бір үйір жылқы шошқамен араласып жатыр. Көптен бері қараусыз қалған болса керек, қорадағы жануарлар әлсіреп, өле бастаған. Жергілікті тұрғындар ауладан жағымсыз иіс шығып, аумаққа жайылғанын айтып шағымданған. Деректерге сүйенсек, мұндай бейбастақ Қырғауылды ауылының Бірлік көшесіндегі үйде орын алған.

«Бізде сұмдық жағдай болып жатыр. Тірі жануарларды өлекселердің жанында ұстап отыр. Ұзақ уақыттан бері бұл мәселе шешілмей келеді. Бұл қорадан батпақ пен тезектің иісі шығып жатыр ма десек, мұнда жемтіктер жатыр»,- дейді ауыл тұрғындары.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар