жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық таеквондошылар "Diamond Game 2025" турнирінде 6 медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар "Diamond Game 2025" турнирінде 6 медаль жеңіп алды
olympic.kz
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан "World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4" турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Ұлттық құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Тәукенова ел намысын қорғады.

Сонымер қатар қазақстандықтар жекелей сайыста да жүлделі орындардан көрінді.

Бекасыл Ергеш (80 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) күміс жүлде еншілесе, Нұрбек Ғазез (68 келіге дейін), Алмира Қанат (57 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медальға ие болған еді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар