жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 43°С-қа дейін аптап ыстық болады

Жамбыл облысында 43°С-қа дейін аптап ыстық болады
Pixabay.com
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

"Қазгидромет" РМК 15–20 шілде аралығында Жамбыл облысы аумағында аптап ыстық болатынын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Облыс аумағында күндізгі температура +33...+38°С-тан +36...+41°С-қа дейін жоғарылап, кейбір оңтүстік аудандарда +43°С-қа дейін жетуі мүмкін.

Қазгидрометтің хабарлауынша, мұндай температуралық фонның сақталуы өңірде төтенше өрт қаупін туғызады. Әсіресе облыстың батысы, оңтүстігі және шығыс бөліктері ерекше бақылауда болады.

15 шілде күні таулы аудандарда найзағай ойнап, жел бағыты солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетіп, таулы аймақтарда ауа райының құбылуына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, күндіз облыс бойынша 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Тараз қаласында да 15 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға, дала өртінің алдын алуға, сондай-ақ күннің ең ыстық уақытында көше мен ашық кеңістікте болмауға кеңес береді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар