жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Делидегі Әлем кубогы: Қазақстандық боксшылар қандай нәтиже көрсетуде

Делидегі Әлем кубогы: Қазақстандық боксшылар қандай нәтиже көрсетуде
olympic.kz
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Үндістанның Дели қаласында бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстандық спортшылар алғашқы жекпе-жектерін өткізіп үлгерді. Шаршы алаңға ұлттық құраманың бес өкілі шықты.

80 келіге дейінгі салмақта Санжарәлі Бегалиев жартылай финалға жолдама алды. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея боксшысы Минсен Кимнен басым түсіп, кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Қалған қазақстандық боксшылар үшін турнир ширек финалда аяқталды.

Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін) үндістандық Паван Бартвалға есе жіберді.

Аман Қонысбеков (75 келіге дейін) Өзбекстан спортшысы Джавохир Абдурахимовқа жол берді.

Бекзат Таңатар (90 келіге дейін) үндістандық Навин Кумарға қарсы кездесуде жеңіліп қалды.

Әйелдер арасында Ақбота Болат ширек финалда үндістандық Минакши Минакшиге жол берді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар