жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шавкат Рахмонов туралы жағымды жаңалық тарады

Шавкат Рахмонов туралы жағымды жаңалық тарады
Фото: instagram.com/mma_f1ghters_kz/
UFC ұйымы соңғы өткен турнирден кейін жаңартылған рейтингті жариялады.

Лас-Вегаста өткен UFC кешінде бразилиялық Габриэль Бонфим жартылай орта салмақта ямайкалық Рэнди Браунды нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жеңіс оған бірден төрт саты жоғары көтеріліп, үздік 10 спортшының қатарына енуге жол ашты.

Бонфим енді Колби Ковингтон, Джефф Нил, Даниэль Родригес және Гилберт Бернс сияқты тәжірибелі файтерлерден алға шықты.

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов бұл өзгерістерге қарамастан, рейтингтегі үшінші орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, бұл салмақ дәрежесінің чемпионы — аустралиялық Джек Делла Маддалена. Ол келесі UFC 322 турнирінде ресейлік Ислам Махачевке қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар