Aleem: Қазақ жастары әзірлеген тіл үйрету қосымшасы әлемдік рейтингтерді көш бастады
- авторБақытжан Бекболат
- 11 қараша, 2025
- 214
Жоба App Store дүкенінде үздіктер қатарынан көрініп, бірнеше елдің рейтингінде алғашқы орындардан көрінді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ерекшелігі — Aleem ешқандай жарнама мен инвестициясыз, тек жас мамандардың ынтасы мен идеясына деген сенімнің арқасында іске қосылған. Тек бір тәуліктің ішінде 50 мыңнан астам қолданушы қосымшаны жүктеп үлгерген. Бұл көрсеткіш толықтай табиғи (органикалық) өсім арқылы тіркелген.
Қосымшаның басты ерекшелігі — жеке оқыту жүйесі. Бағдарлама әр пайдаланушының қызығушылығын ескеріп, оларға бейімделген контент ұсынады. Осылайша смартфон нағыз жеке репетиторға айналады.
Aleem командасы:
Алидар Күчуков — CEO & Co-founder
Асылжан Алтай — CMO & Co-founder
Темірлан Аманжанов — CTO
Ален Алтай — CCO
Бердібек Сапарбеков — COO
Сонымен қатар жобада founding инженер Темірлан Темірбаев және дизайнерлер Айя Жұмағалиева мен Амаль Садекова еңбек етеді.
Қазіргі уақытта Aleem қосымшасы келесі нәтижелерге жетті:
Қазақстан мен Қырғызстанда — 1-орында
Тәжікстанда — 2-орында
Түрікменстанда — 6-орында
Өзбекстанда — 11-орында
Ресейде — 12-орында






