дүйсенбі, 4 мамыр, 2026 17:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жаңа басшысы тағайындалды
Көлік министрлігі
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді

2026 жылғы 4 мамырдан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның Бас атқарушы директоры  лауазымына Майкл Дэниел тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Майкл Дэниел авиация саласы бойынша профильдік білімге ие, АҚШ-тағы Эмбри-Риддл аэроғарыш университетін «Аэронавтика» мамандығы бойынша тәмамдаған және азаматтық авиация саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар.

Кәсіби қызметін АҚШ-тың Азаматтық авиация жөніндегі федералдық басқармасында (FAA) бастаған. Бұл мекемеде ұшу пайдалану инспекторы, әуе кемелерін сертификаттау жөніндегі маман, ұшу қауіпсіздігі қызметінің басшысы, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар мен саясат жөніндегі аға менеджер сияқты бірқатар маңызды лауазымдарды атқарған.

FAA-ның Франкфурт, Нью-Йорк және Вашингтон қалаларындағы халықаралық кеңселерінде жұмыс тәжірибесі бар. 2006–2009 жылдары Сингапур мен Бейжіңдегі FAA халықаралық кеңселерін басқарған, онда шетелдік жөндеу ұйымдарына қадағалау жүргізіп, халықаралық қауіпсіздік бағалауларын жүзеге асырған.

Әр жылдары халықаралық бастамаларды, оның ішінде APEC-тің көлік қауіпсіздігі және әуе қатынасы жөніндегі жұмыс тобын басқарған, халықаралық қадағалау және қауіпсіздікті бағалау мәселелеріне жетекшілік еткен, сондай-ақ бірқатар басшылық лауазымдарды атқарып, бірнеше жыл бойы Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен (ИКАО) жұмыс жасаған.

Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе компанияларын сертификаттау және мемлекеттік қадағалау жүйелерін дамыту саласында ауқымды халықаралық тәжірибеге ие.

Жаңа басшының негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстерін ашу болады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар