Тәрбиедегі қателіктер: неге кей ата-аналар қаталдықты дұрыс көреді?
Қазақ қоғамында бала тәрбиесі жөніндегі түсінік әлі де сан түрлі. Кей отбасында қаталдықты – тәрбие, дауыс көтеруді – талап, қорқытуды – ықпал ету деп қабылдайтын көзқарас әлі де басым.











