дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 17:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 млрд теңге акциздік салықтан жалтарған күдікті Ресейден экстрадицияланды

1 млрд теңге акциздік салықтан жалтарған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Видеодан скриншот
Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қолдауымен трансұлттық қылмыстық топ құрамында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналасқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 


— Күдікті, 2023 жылы Ресей Федерациясының аумағына шығарып сату мақсатында, Қазақстан аумағы бойынша акцизделетін тауарларды (темекі) сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сақтап, тасымалдаған. Нәтижесінде, акциздік салықтың Қазақстан бюджетіне түспеген қаражат 1 миллиард теңгені құраған. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылғы сәуірде ол Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар