сенбі, 14 ақпан, 2026 3:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада құрылыс компаниясының басшысы 6 жылға сотталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысы 6 жылға сотталды
Фото: depositphotos.com
Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының арнайы прокурорлары проблемалық тұрғын үй кешенін аяқтау үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырған құрылыс компаниясының басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тергеу кезінде анықталғандай, компания мемлекеттен 2,1 млрд теңге көлемінде қаражатты иемденген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 412 млн теңге қайтарылды.

Сот үкімі бойынша кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысына қатысы бар коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды.

Материалдық залал өндірілді, үкім заңды күшіне енді.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар