"Заңсыз көші-қон": Шымкентте полицейлер қылмыстық топты әшкереледі
- авторМағжан Орынбасар
- 13 сәуір, 2026
- 124
Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz жазуынша, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан.
-Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, техникалар, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,-делінген ҚР ІІМ хабарламасында.
Министрлік көші-қон заңнамасын бұзудың кез келген фактісі жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеді. Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу жұмыстары жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
"35,6 млн теңге шығын келген": Алматыда сот орындаушысы сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 13 сәуір, 2026
Жыл басынан бері айналымға шамамен үш тонна есірткі жіберілмеді
- авторМағжан Орынбасар
- 12 сәуір, 2026






