жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

5513 әскери бөлімінде Президент Жолдауы талқыланды

5513 әскери бөлімінде Президент Жолдауы талқыланды
Ашық дереккөз
Ақпараттандыру сағаты барысында халық қалаулысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық қауіпсіздікті күшейту бағытында қолға алынған стратегиялық бастамаларға тоқталды.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел дамуының жаңа бағытын айқындайтын маңызды құжат. Осыған орай, 5513 әскери бөлімінде Тараз қалалық мәслихатының депутаты Әсел Жапарова жеке құраммен кездесу өткізіп, Жолдауда көтерілген негізгі мәселелерді кеңінен түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ақпараттандыру сағаты барысында халық қалаулысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық қауіпсіздікті күшейту бағытында қолға алынған стратегиялық бастамаларға тоқталды. Ол Президент Жолдауы – жай ғана ресми құжат емес, әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсартуға, қоғамдағы әділеттілікті орнықтыруға бағытталған нақты бағдаршам екенін ерекше атап өтті.

Әсел Әбілханқызының сөзінде заманауи өркениеттің ең өзекті тақырыптарының бірі – жасанды интеллекттің дамуы ерекше орын алды.

Депутаттың айтуынша, жаңа технологияларды игеру мен оларды тиімді пайдалану – Қазақстанның ғылымы мен білімін, өндірісі мен экономикасын, сонымен қатар қорғаныс саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

«Жасанды интеллект – болашақтың басты күші. Біз оны игеріп қана қоймай, ұлттық мүддемізге сай пайдалана білсек, еліміз дамыған мемлекеттердің қатарына сенімді қадам басады», – деді ол.

Кездесу барысында әскери қызметшілер Жолдауда айтылған басымдықтардың Отан қорғаушылардың өмірімен тікелей байланысты екенін түсініп, жігерлене тыңдады. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әрбір сарбаздың жауапкершілігі жоғары екендігі, ал Президент Жолдауында айтылған реформалардың жүзеге асуы – олардың да еңбегімен тығыз байланысты екендігі баса айтылды.

Жеке құраммен жүздесу соңында депутат сарбаздарға адалдық пен ерлік, білім мен тәртіпті ұштастыра отырып, Отан алдындағы қасиетті борышты абыроймен атқаруға тілектестігін білдірді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар