Қарттар күні түзеу мекемесінде атап өтілді
- авторМағжан Орынбасар
- 1 қазан, 2025
- 337
1-қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жазасын өтеуші жасы улкен азаматтарға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Шараның мақсаты – өмірлік тәжірибесі мол, ақыл-кеңесі мен өнегесі ұрпаққа үлгі болар қарттарға құрмет көрсету, олардың көңіл-күйін көтеру және қоғамнан тыс қалдырмау. Мекеме қызметкерлері тарапынан жазасын өтеуші қарттарға ізгі тілектер айтылды.
Іс-шара барысында қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жазасын өтеушілер дайындаған шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекелік атмосфера қалыптасты.
Мұндай шаралар мекеме ішіндегі әлеуметтік-психологиялық ахуалды жақсартуға, адамгершілік құндылықтарды насихаттауға және жазасын өтеушілердің қоғамға оң көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді.






