Айшабибі ауылында 10 отбасы жаңа баспанаға ие болды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 15:45
- 68
Жамбыл ауданы Айшабибі ауылында 10 отбасыға жаңа тұрғын үйдің кілті салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салтанатты жиында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
«Бүгінгі қуанышты күн – баршамыз үшін маңызды мереке. Баспаналы болу – әрбір отбасының басты арманы. Мемлекет тарапынан тұрғындарды қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады. Жаңа үйлеріңіз құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, бірлік пен ынтымақ тілеймін!», – деді аудан әкімі.
Игі бастаманың нәтижесінде баспаналы болған отбасылардың қуанышында шек жоқ.
Айта кетейік, аудан бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 180 пәтер сатып алынған. Оның ішінде 120 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй және 60 пәтерлі бір қабатты, екі пәтерлі тұрғын үйлер бар.
Өткен 2025 жылы Аса ауылындағы Қойгелді және Жаңа Құрылыс көшелерінде орналасқан 40 тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Ал биыл тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында кезектілік тәртібімен аудан бойынша 23 азамат баспана кілтін иеленсе, алдағы уақытта тағы 139 баспана кілті өз иелеріне табысталмақ.





