жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бұрынғы ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев Тараздағы Д. Қонаев музейімен танысты

Бұрынғы ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев Тараздағы Д. Қонаев музейімен танысты
Фото - Алтынбек Қартабай
Алдымен қонақтар музей алдындағы Д. А. Қонаевтың ескерткішіне тағзым етіп, естелік фотоға түсті

ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы, ҰҚК төрағасы болған Амангелді Шабдарбаев Тараздағы Д. Қонаев атындағы музейде болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 


Сонымен бірге ұлт көшбасшысының мұражайына келгендердің қатарында белгілі кәсіпкер Әлімбек Жұмабаев, халықаралық Д. Қонаев қоғамдық қоры облыстық филиалының төрағасы Қибат Асқарбек, сонымен қатар осы қордың жұмысын жүйелеуге атсалысып жүрген Жапар Күздеубеков, «Aulieta-media» ЖШС Бас директорының орынбасары Азамат Есалы, қаламгер Көсемәлі Сәттібайұлы сынды бірқатар тұлға бар. 
Алдымен қонақтар музей алдындағы Д. А. Қонаевтың ескерткішіне тағзым етіп, естелік фотоға түсті. Осы тұста  «Aulieta-media» ЖШС Бас директорының орынбасары Азамат Есалы құрметті қонаққа биыл жарық көрген республикалық «Tekturmas» журналын, ата басылым «Ақжол» , «Ар-Ай» жастар газетін тарту етті. 


Бұдан соң Д. Қонаев қоғамдық қоры облыстық филиалының төрағасы Қибат Асқарбек Амангелді Шабдарбаевқа облыстық бөлімде атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, тыныс-тіршілігімен таныстырды. 


Мұражайды аралап, тарихи жәдігерлерге назар аударған Амангелді Смағұлұлы Дінмұхаммед Қонаевтың қасында қызметте болған кездерін еске алып, іскерлігі мен көшбасшылық қасиетін ерекше атап өтті. 


Сондай-ақ, қоғамдық қор мүшелерімен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, ұсыныс-пікірлерін де тыңдады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар