Балалар құқығын қорғау мәселесі бойынша жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 3 қазан, 2025
- 365
Облыс әкімдігінің мәжіліс залында балалар құқығын қорғау мәселесі бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен өткен кеңеске ҚР Балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Динара Закиева, салалық басқарма басшылары, бейнебайланыс арқылы аудан әкімдері қатысты.
Басқосуда өңірдегі оқушылардың тұрмыстық ахуалы, білім мекемелерінің жай-күйі мен тамақтандыру процесіндегі нормалар және санитарлық талаптарын зерделеген топ жұмысының нәтижесі баяндалды.
Серік Сәлемов аталған жағдайларға байланысты тиісті жұмыс жүргізілетінін айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырма жүктеді.
Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары балалар құқығы басты назарда екенін айта келе, ҚР Балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Динара Закиеваға нақты ұсыныстарын жеткізді.






