сенбі, 25 сәуір, 2026 17:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде “Таза Қазақстан” акциясы кең көлемде өтті

Елімізде “Таза Қазақстан” акциясы кең көлемде өтті
Фото: Jambylinfo.kz
Бүгін елімізде “Таза Қазақстан” акциясы аясында кең көлемде тазалық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шараға қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жалпыұлттық акцияға қолдау білдірген жамбылдықтар Тараз қаласындағы “Денсаулық” паркінде көшет егіп, канал жағасын қоқыстан тазартты.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Таза Қазақстан» акциясы басталған екі жыл ішінде 1,5 мың экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді.

Осы уақыт аралығында 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5,5 миллионға жуық тал егілген. 

Жыл сайын бұл бастамаға 6,5 миллион адам, соның ішінде 780 мың волонтер қатысады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар